Алматыда 73 адам қызылша жұқтырды

3 Сәуір 2023, 21:48 754

Алматы қаласында алғашында қызылша жұқтырудың 91 күдікті жағдайы тіркелген, оның 73-і зертханалық расталған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен қала эпидемиологтары айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылша – ауа-тамшылы инфекциялар тобына жататын жіті жұқпалы вирустық ауру. Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылармен немесе арқылы жұғады. 

Қызылшаның зертханалық расталған 73 жағдайының 56-сы (76,7%) дер кезінде қызылшаға қарсы егілмеген, оның ішінде 25 (50,0%) ата-анасының екпеден бас тартуына байланысты, 16 (28,6%) медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, 7 адам(12,5%) – вакцинация жасына жетпеуіне байланысты және 6 (9,6%) ересек адам – белгісіз иммундық статусы бар, – деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Спикер Алматы қаласындағы қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалына көші-қон үдерісі әсер еткенін атап өтті.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Алматыда вакцинация алмаған 14 884 бала бар, оның ішінде 1-6 жас аралығындағы 6 124 бала, 7-17 жас аралығындағы 8 760 бала, оның ішінде түрлі себептерге байланысты екпеден бас тартқан 5688 бала бар. 

Ата-аналарды балаларының денсаулығына бей-жай қарамауға шақырғым келеді. Балалар арасындағы қызылшамен сырқаттанушылықтың төмендеуіне Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жоспарлы иммундау ғана ықпал ететінін атап өткен жөн. Халық арасында иммундық емес қабаттың төмендеуі халықтың бұл инфекцияға бейімділігін айтарлықтай төмендетеді, - деп толықтырды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Назгүл Иманғалиева.

EL.KZ
Бөлісу: