Алматыда 7 жасар өгей қызын өлтірген әйел 20 жылға сотталуы мүмкін

11 Наурыз, 17:43 1641

7 жасар Карина Закураеваны өлтірді деп айыпталған өгей анасын 20 жылға бас бостандығынан аайырылуы мүмкін, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы прокуратурасы  Балжан Тұрлыбектің осындай жаза арқалағанын қалайды. Тараптар арасындағы пікірталас кезінде прокурор айыпталушыны 99-баптың 3-бөлімі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша жазалауды сұраған.

Қылмыстың ауырлығын ерекше ауыр санат ретінде ескере отырып, жаза тағайындауыңызды сұраймыз. Айыптаушы тарап бап бойынша жаза тағайындауды жөн деп санап, соттан сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрайды. Қамауда болған уақытын ескере отырып. Сондай-ақ сотталушыдан процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК мөлшерінде төлем өндірілсін, – деді прокурор сотта.

Бұл осы бапқа сәйкес ең ұзақ жаза мерзімі екенін баса атап өткен жөн.

Еске салайық, жеті жастағы қыз 2023 жылдың шілде айында кісі қолынан қаза тапқан еді. Күдікті ретінде өгей анасы танылған. Медициналық сараптама маманының мәліметінше, қыздың өліміне бас миының ауыр жарақаты себеп болған. Қыздың басынан доғал, қатты затпен соққан. Сарапшы бес соққы болғанын атап өтті. Бұл жарақаттарды құлаған кезде алуы мүмкін емес екені айтылды. Қайтыс болған қыздың басында жарақат әр жерінен болған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: