Алматыда 63 түп жеміс ағашы заңсыз кесілген

23 Ақпан 2023, 11:28 2009

Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Нұрлытау шағын ауданында 63 жеміс ағашының заңсыз кесілгенін анықтады. Бұдан 1060 АЕК (3 657 000 тг) мөлшерінде залал келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқармада айтылғандай, мұндай кезде кінәлілер оның орнына ағаш егуге міндеттеледі. Енді олар биіктігі ең кемі 2,5 м болатын 3150 ағаш отырғызады.

Бұған қоса, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шара қабылдау үшін Алматы қаласының полиция департаментіне және Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына хат жолданды.

EL.KZ
Бөлісу: