27.04.2023
14:15
1010
Алматыда 600 жаңа автобус сатып алынады

Алматыда 600 жаңа автобус сатып алынады

Алматыда биыл 600 автобус сатып алу жоспарлануда. Бұл туралы Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа автобустардың 200-і Алатау ауданындағы 19 маршрутты жаңартуға бағытталады.

Ерболат Досаевтың мәліметінше, бұдан бөлек жеке тасымалдаушылар осы жылдың төртінші тоқсанына дейін 73 автобус сатып алады. Олар 7 маршруттағы (№18, 19, 46, 98, 99, 109, 122).

«Біздің алдыңғы кездесулерімізде сіздердің өтініштеріңіздің дені кейбір маршруттардың қолайсыздығы мен жоспарланған қозғалыс аралығының сақталмауы сияқты қоғамдық көлік жұмысының сапасына қатысты болды. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешіп жатырмыз», - деді әкім.