Алматы қаласында ойнап жүрген бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі таңда, оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.