24.08.2023
09:32
901
Алматыда 55 мыңнан астам электронды темекі тәркіленді

Алматыда 55 мыңнан астам электронды темекі тәркіленді

Алматыда электронды темекіні (вейп) заңсыз көтерме саудалау қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электронды темекіні заңсыз көтерме сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды.

Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.