24.11.2023
13:20
1161
Алматыда 46 миллион теңге жымқырған мектептің бас бухгалтері құрықталды

Алматыда 46 миллион теңге жымқырған мектептің бас бухгалтері құрықталды

Алматы қаласында мектептің бас бухгалтері 46 млн теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының прокуратурасы хабарлағандай, есепші бір жыл бойы штаттық кестедегі еңбекақыдан көп жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

Ол өз кінәсін толық мойындады, - дейді ведомстводағылар.

Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады Оның кінәсі толық дәлелденсе 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.