Алматыда 45 жүк көлігінің заңсыз есепке қойылғаны анықталды

26 Наурыз, 09:51 647

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды, бұл мемлекетке 180 млн теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.

Сондай-ақ, Агенттік экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: