Алматыда 44 жастағы сержанттың денесі табылды

13 Қыркүйек, 12:39 871

Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында сержанттың денесі табылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Осы жылдың 12 қыркүйегінде Құрлық әскерлері әскери институтының инженерлер қалашығының аумағынан 1980 жылы туған келісімшарт бойынша еңбек ететін әскери қызметшінің мәйіті табылды. Алдын ала себеп бойынша әскери қызметші өз-өзіне қол салған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқу орнының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтаса отырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, — делінген Құрлық әскерлері әскери институтының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ішкі істер министрлігі ақпаратты растады. Қазіргі таңда өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу басталған.

Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК бірінші бөлігінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады ІІМ. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: