Алматыда 3 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттайды

2 Тамыз, 10:27 562

Алматыда 3 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жолақысы 120 теңге болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ай сайынғы жол жүру картасының құны 9900 теңге, студенттік жол жүру билеті 4200 теңге, мектептегі жол жүру картасы 2 мың теңге, зейнетақы картасы 3 мың теңге болады.

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, 75 жастан асқан зейнеткерлерге, I және II топтағы мүгедектігі барлар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне тегін жолдама беріледі. 

Студенттер, қарт зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедек балаларды алып жүретін тұлғалар үшін тарифтің 50% жеңілдігі сақталады.

Қалалық мобилділік басқармасы мәліметінше, бүгінде жолаушылардың 97%-дан астамы жол ақысын қолма-қол ақшасыз әдіспен: «Onay»картасы, SMS арқылы, мобильді қосымша арқылы төлейді. Әкімдіктегілер шетелдік қонақтарға ыңғайлы болу үшін қосымшада интерфейсті ағылшын тілінде енгізу пысықталып жатқанын айтты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: