Алматыда 26 қайырымдылық мекемесі заңсыз жұмыс істеген

11 Маусым, 11:04 625

Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға ерекше көңіл бөледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың мамырында прокуратураның «Жібек Жолы» Қайырымдылық мекемелерінің қауымдастығы Заңды тұлғалар бірлестігіне 26 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күшін жою және тарату туралы талап-арызын қанағаттандыру жөніндегі шешімі заңды күшіне енді.

Бұрын жүргiзiлген тексерулер, мекемелердiң жұмысы iс жүзiнде олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келетінін және олардың кейбiреулерi бiлiм беру қызметiн лицензиясыз жүзеге асырғанын анықтаған.

Балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары, айтарлықтай бұзылған.

Тексеру барысында мекемелердің діни бағыты расталған және Қазақстан Республикасының Мұсылмандар діни басқармасы «Жібек жолымен» жасалған меморандумды бір жақты тоқтатты.

Заң нормаларын бұзған бірқатар аталған мекемелер мен олардың басшылығына қатысты қылмыстық істер қозғалды (кәмелетке толмағанды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізген, тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни араздықты қоздырған, сот экстремистік және террористік деп таныған әдебиеттер табылған).

Қазіргі уақытта мекемелерде тұрған балаларды отбасыларына қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: