01.03.2024
16:03
9317
Алматыда 22 жастағы жүкті әйел 18-қабаттан секіріп кетті

Алматыда 22 жастағы жүкті әйел 18-қабаттан секіріп кетті

Әлеуметтік желіде әйелдің құлағаны туралы видео таралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.      

Қайғылы оқиға бүгін сағат 12:20 шамасында Алмалы ауданындағы «Манхеттен» тұрғын үй кешінінде болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.