Алматыда 20 жастағы спортшы өлі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаза тапқан жігіт - кикбоксер Әли Серік болуы мүмкін екені айтылды. Алматының Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.