05.08.2024
04:16
1020
Алматыда 2 қабатты коттеджде өрт шықты

Алматыда 2 қабатты коттеджде өрт шықты

Алматы қаласында екі қабатты коттеджде өрт шықты. Оқиға Бостандық ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктердің мәліметінше, коттедждің жазғы террасасында өрт шыққан. Қызыл жалын аумағы - 15 шаршы метр.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында жалын дер кезінде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.