Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

22 Ақпан, 01:00 714

22 ақпанда сағат 00:26-да Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Алматыда 2 балл жер сілкінісі сезілген. 

Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабырлы болуға және дүрбелеңге түспеуге кеңес береді.

Перизат Саденова
Бөлісу: