Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

27 Қаңтар, 15:20 2494

27 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 15:03-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелген. Мамандар мұның афтершок екенін мәлімдеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.0.

Магнитудасы - 5.5 MPV.

Тереңдігі - 5 шақырым.

Алматыда 2 балл болып сезілген.

Қытай аумағында бұған дейін де бірнеше жер сілкінісі тіркелгенімен, олар елімізде сезілген жоқ.

Жансая Әділбек
Бөлісу: