Алматыда 15 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті

21 Мамыр, 16:17 823

Алматыда 8-сынып оқушысы бесінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 18 мамырда таңертең болған. Оның хат жазып қалдырғаны белгілі болды. Жасөспірімнің денесі Навои және Торайғыров қиылысындағы үйдің ауласынан табылды. 

Полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Кәмелет жасқа толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: