Алматыда 11 жасар оқушы қыз асылып өлді

21 Қыркүйек 2022, 23:04 1312

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, 11 жастағы қыз бесінші сыныпта оқыған.

Алматы облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды EL.KZ Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 қыркүйекте Гүлдала кентінде болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет) бойынша тергеу шаралары басталды - делінген хабарламада.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, 11 жастағы қыз бесінші сыныпта оқыған. Ол өз үйінде асылып өлді.


EL.KZ
Бөлісу: