Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алматы» шекара бақылау басқармасы жыл басынан бері 8 000 000 АҚШ долларын елден әкетуге жол бермеген, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпарата сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» 14 наурыздағы № 830 жарлығын іске асыру шеңберінде «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен жылдың басынан бастап Қазақстан аумағынан 8 млн АҚШ долларынан астам валютаны әкетуге жол берген жоқ.
Осыған байланысты шекара қызметі Президент жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынған еске салады.