Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып Бауыржан Аленов тағайындалды, – деп хабарлайды El.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша және ІІМ министрінің бұйрығына сәйкес, Аленов Бауыржан Төлегенұлы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, – делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.
Бауыржан Аленов 1976 жылы 8 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді. Ол бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Ішкі істер министрлігінің жедел қызмет департаментінің бастығы болған.