Алматы облысында 120-дан астам мұғалім жалған құжатпен жұмыс істеген

14 Шілде 2022, 06:37 1522

Алматы облысы прокуратурасы өңірдегі қала, аудан білім беру мекемелерінде қызмет атқару мен сапалы білім ұсынуларына қатысты талдау жұмыстарын жүргізіп, 122 мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істегенін анықтады, деп хабарлайды EL.KZ. 

Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалім жоғары оқу орнының жалған дипломын пайдалану арқылы жұмыс істегені анықталды, – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарауынша, жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атын пайдалану арқылы жасалған.

Көрiнеу жалған құжатты пайдалану деректері бойынша  Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір қылмыстық қудалау органымен 41 маманға қатысты қылмыстық іс кінәларын мойындауларына байланысты және «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына орай ақталмайтын негіздер бойынша өндірістен тоқтатылды және олар қызметтен босатылды.

81 маманға қатысты қылмыстық іс тергелу үстінде.

EL.KZ
Бөлісу: