11.07.2022
10:50
1382
Алматы «қызыл» аймаққа өтуге жақын

Алматы «қызыл» аймаққа өтуге жақын

11 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы қаласы «қызыл» аймаққа өтуге жақын тұр, деп хабарлайды El.kz

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы «сары» аймақта : Алматы қаласы. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 454 жағдай тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 118, Алматы қаласында - 200.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 888 жетті.