21.07.2022
12:02
6910
Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Президент Әкімшілігімен келісе отырып, генерал-майор Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz

Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырды.

Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментін басқарды.