Алматы зообағындағы жануарлардың жер сілкінісі кезіндегі видеосы жарияланды

24 Қаңтар, 22:00 34744

Алматыдағы зіллзаладан кейін  зообақтағы қасқырлар ұлып, құстар шулай бастаған. Қатты үркіп қалған жануарлардың видеосы зообақтың желі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнгі уақытта хайуанаттар бағында күзет қызметкерлері мен кезекші ветеринарлардан басқа адам болмайды. Қызметкерлердің айтуынша, жер сілкінісіне дейін жануарларда ешқандай ерекше іс-қимылдар байқалмаған. Тек зілзаладан кейін қасқырлар ұлып, тырна, бүркіт, қаз, үйрек сияқты құстар шулай бастапты.

Таңертең қызметкерлер зообақтағы жалпы жағдайды тексеріп, барлық қоршауларды бақылап шыққан. Паша мен Лола атты екі шимпанзе қорыққандарынан бір-бірін құшақтап, бұрышта тығылып отырған екен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы хайуанаттар бағы (@almatyzoo)

Оқи отырыңыз: 

Зообақ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен ғасырдың 80-90 жылдары ҚазССР Ғылым академиясының Сейсмология институты мамандарының жетекшілігімен Алматы хайуанаттар бағының ғылыми кеңесі жер сілкінісін болжауға қатысты зообақ жануарлары арасында арнайы зерттеулер жүргізген. Мамандар жануарлардың жер сілкінісі алдында және одан кейінгі іс-әрекеттерін, мінез-құлықтарындағы өзгерістерді зерттеген. Сол кезеңдерде қалада адамдарға сезілген 15 жер сілкінісі болған.

6 түрлі жануар жер сілкінісі алдында әдеттен тыс іс-қимылдар жасаған екен. Көп жағдайда жер сілкінісін алды ала жыландар сезіп, белсенді қимылдағаны байқалған.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: