«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталады

4 Мамыр 2023, 00:13 1277

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй займдарын алуға өтініштер мен құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, құжаттарды қабылдау 15-31 мамыр аралығында жүреді. Ал бағдарламаға Алматының 35 жасқа дейінгі және осы жасқа толған тұрғындары қатысады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Сайтта авторизациялау электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі.

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың тапсырмасы бойынша бағдарлама шеңберінде қосымша қаражат бөлініп, жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тағы 100 қарызға лимит ұлғайтылды, мұғалімдер үшін 50 және дәрігерлер үшін 50.

Бағдарлама аясында несие берудің шарттары:

займның ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;

пайыздық мөлшерлеме – 5%;

бастапқы жарна – 10%;

бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі;

қамту – 1 100 адамнан кем емес.

Қатысу үшін негізгі талаптар:

* Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда),өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

* Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ ҚР аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы.

* Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтері.

Перизат Саденова
Бөлісу: