21.09.2022
13:10
1035
Алматы әуежайында көліктерге арналған пандус жабылды

Алматы әуежайында көліктерге арналған пандус жабылды

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz.
Алматы халықаралық әуежайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты, әуежай әкімшілігі жолаушылардан терминалға жаяу жүргіншілер көпірі арқылы немесе вокзал алаңы арқылы өтулерін сұрады.
«Халықаралық Алматы әуежайы аумағындағы вокзал маңы алаңын күрделі жөндеу мен қайта жаңартуға байланысты 21 қыркүйектен бастап пандус жөндеу жұмыстарына жабылады. Жолаушылар көліктерді жабық және ашық тұрақтарда қалдыра алады. Терминалға жаяу жүргіншілер көпірі арқылы және вокзал алаңы арқылы өте аласыз» -делінген әуежайдың Іnstagram -дағы ресми парақшасында.