Алматы тұрғыны жалға алған көлікті сатпақ болған

19 Қазан 2022, 10:12 1673

Оған 190-бабы «Алаяқтық» бойынша айып тағылды

Алматы тұрғыны жалға алған көлікті сатпақ болған, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оған 190-бабы «Алаяқтық» бойынша айып тағылды.

– Бірнеше ай бойы Б.есімді азамат екі сыбайласымен бірге көліктерді жалға алған. Бірде ол бірнеше күн айдағаннан кейін осы көлікті арзандатылған бағамен сату туралы хабарландыру жариялады. Қаскөй сатып алушыларға қазіргі уақытта көліктің ешқандай құжаты жоқ екенін түсіндірді. Қазір тіркеуді аяқтап, құжаттарды аламын деп сендірді, бірақ әзірге көлік құнының жартысын алдын ала төлем ретінде қалдыруды ұсынды. 6 миллион теңге көлеміндегі алдын ала төлемде алып, қаскөй қашып кетті. Алаяқтық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Тергеу барысында ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Оның сыбайластары – Т.есімді азаматша мен С.есімді азаматшаның рөлі анықталып жатыр.

– Ер адам өзінің пайдакүнемдік жоспарларына күдік туғызбау үшін оларды «клиенттермен» кездесуге өзімен бірге алып барғаны белгілі. Қазір тергеу, күдіктілердің қылмыстық әрекетінің қосымша эпизодтарын анықтау жұмыстарын жүргізуде, – деді Ұ.Әбілқайыр.

Бөлісу: