Алматы тұрғыны темекі бермегені үшін ер адамның итін пышақтап тастады

3 Қаңтар, 13:05 1347

Facebook әлеуметтік желісінде Әлия есімді желі қолданушысы оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Белгісіз біреу ит иесі Денистен темекі сұраған, кейіннен итін пышақтап тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шабуылдаушы Денисті балағаттап, оны өлтіремін деп қорқытты. Денис мән бермей, үйге қарай бет алды. Алайда кіре берісте әлгі адам оны қуып жетіп, пышағын шығарып, оны өлтірмек болды. Ит шабуылды бірден сезіп иесін қорғап, қалқалады. Салдарынан пышақ итке кірді. Ит 8 жаста болған және үш баласы бар отбасында асыранған. Ол ешкімге зияны жоқ, мейірімді жануар болған. Ал қаскөй оқиға орнында қашып кеткен. Ит сараптама үшін емханаға жіберілген. Елімізде, қаламызда не болып жатыр? Осындай беймаза қатыгез адамдар арамыз жүргенде қала тұрғындарына қауіп төніп тұр. Қылмыскерді тауып жазалауды сұраймыз, – деп жазды ол.

Алматы қалалық полиция департаменті мән-жайды анықтады.

Күдікті 36 жастағы Б.есімді азамат ұсталды. Өз кезегінде, ол, иттің иесі екеуінің арасында туындаған ауызша жанжалдың нәтижесінде иттің иесі жануардың аузындағыны алып, өзіне қарсы жібергенін айтты. Күдікті өзін қорғауға мәжбүр болғанын түсіндірді. Аталған дерекке байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚК-тің 316-бабы 2-бөлігімен (жануарларға қатыгездікпен қарау) қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап жатқанын хабарлайды. Оқиғаның объективті мән-жайлары қосымша тергеу барысында анықталатын болады, – деді ведомство. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: