Алматы тұрғыны өзін шенеунік ретінде таныстырып, аса ірі көлемде қаржы жымқырған

27 Қыркүйек 2023, 12:45 1559

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 1986 жылы туған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Департаменттің мәліметінше, ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырып, әртүрлі мәселелерді шешу бойынша қызмет ұсынған.

Сондай-ақ алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың мүлкін аса ірі көлемде жымқырған. Ақшалай қаражат мемлекеттік органдарда оң шешім қабылдатуға арналған.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, азамат басқа да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

Равиль Ашығали
Бөлісу: