Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

25 Қыркүйек, 13:09 774

26 қыркүйекте Жетісу ауданында («ЖЭО-1» аумағында) «Қорғау-2024» аумақтық қорғаныс бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Жаттығу кезінде дыбыстық эффект, жарқыл, түтін және тағы басқа имитациялық жабдық қолданылады. Қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз, - делінген ақпаратта.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: