07.08.2023
10:00
1212
Алматы төңірегінде жер сілкінді

Алматы төңірегінде жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 6 тамыз күні сағат 20:29-да Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпуі Алма-Арасан шатқалында да сезілді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 км қашықтықта Қазақстан аумағында жатыр.

Энергетикалық класы 8.8. Магнитудасы 4.2. MPV Ошағының бағыты 43.06° с.е. 76.89° ш.б. Тереңдігі 10 км

Сезілуі Алматы, Алма-Арасан шатқалында 2 балл.