Алматы төңірегінде жер сілкінді

19 Маусым 2023, 16:17 946

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен сағат 11:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 305 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.4.

MPV магнитудасы – 4.5.

Тереңдігі – 15 шақырым.

Сезілгені туралы ақпарат жоқ.

Равиль Ашығали
Бөлісу: