07.09.2023
20:03
1544
Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша тікелей рейстер ашылды

Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша тікелей рейстер ашылды

Биылғы 7 қыркүйегінде «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына (бейсенбі және жексенбі) 2 рейс жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.