25.08.2025
04:31
507
Алматы «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөнінде кеңес өтті

Алматы «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөнінде кеңес өтті

Алматыда қала әкімінің төрағалығымен «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жиында экология басқармасының басшысы Мирас Ғайсин қаладағы қураған ағаштарды жою, санитарлық мақсатта тазалау және ағаш кесу жұмыстары туралы баяндады.

Жасыл желектердің жағдайын бақылау үшін әсіресе, мектеп мен балабақша назарға алынып, мониторингтік топтар құрылған. Білім басқармасы оқу орындарының аумақтарында ағашты санитарлық мақсатта кесіп, оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен экологиялық акциялар ұйымдастырып жатыр.

Қала басшысы 1 қыркүйекке дейін қазылған барлық жерді аяқтап, ауланы абаттандыруды, санитарлық мақсатта кесіп, көшелер мен әлеуметтік нысандарда тәртіп орнатуды тапсырды. Әрбір нысанда тазалық орнап, жарық тартылып, жағдай тұрақты бақылауда болмақ.