09.08.2023
16:54
976
Алматы тауларында жоғалған ресейлік туристің денесі табылды

Алматы тауларында жоғалған ресейлік туристің денесі табылды

Алматы тауларында төрт күн бұрын жоғалып кеткен ресейлік туристің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды.

Оқи отырыңыз:

Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.

Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталуда, - делінген мәліметте.

Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристі құтқарады. Жыл басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.