Алматы қаласының Медеу ауданында 1989 жылы туған ер азамат жұбайы мен баласымен бірге Көкжайлау жарсаңына көтеріліп, түсіп келе жатқан сәтте өзін нашар сезінген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осыған байланысты ол 112 қызметіне хабарласып, көмек сұраған.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына келген Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ер адамды зембілмен төмен түсіріп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
ТЖМ азаматтарға тауға шығар алдында өз тәжірибесін, денсаулық жағдайы мен физикалық мүмкіндіктерін ескеріп, маршрутты мұқият жоспарлауға кеңес береді.