11.09.2023
16:00
1453
Алматы тауларында аяғы сынған турист құтқарылды

Алматы тауларында аяғы сынған турист құтқарылды

Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы облысының тауларында аяғы сынған туристі құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Арасан-Қорасан шатқалында 38 жастағы әйел аяғын сындырып алғаны туралы хабар келіп түсті.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы көмекке жіберілді. Отряд базасынан оқиға орнына дейінгі қашықтық – 124 шақырым,-деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар 10 қыркүйек күні сағат 18:47-де шақыру орнына және 15 минуттан кейін зардап шеккен адамға жеткен. Олар әйелді екі сағат ішінде тау-кен құтқару зембілінің көмегімен жедел медициналық жәрдем көлігіне дейін тар, тік жолмен алып барды.