Алматы тауларында адасып қалған Ұлыбритания азаматы табылды

Алматы тауларында адасып қалған Ұлыбритания азаматы табылды

ТЖМ кинологтары адасып кеткен Ұлыбритания азаматын құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданындағы таулы аймағында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында адасқан Ұлыбритания азаматын тапты. Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген хабарламада.