Алматы-Ташкент жолында жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті

6 Шілде, 00:20 657

Жамбыл облысы Алматы-Ташкент автожолында жүк көлігінің тіркемесі өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Малдыбай ауылына жақын жерде болған. 
 
Қызыл жалынды өрт сөндірушілер сөндіріп үлгерді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

ТЖМ жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 телефонына хабарласу керектігін ескертеді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: