11 маусы күні Алматы қаласының Алмалы ауданында электр жарығы сөніп қалды. Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» ЖШС-нің сайтында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Электр энергиясы мына көшелердің аумағында өшкен.
- Солодовников, Әуезов, Сәтпаев, Жароков;
- Есенжанов, Жемчужная, Шәкәрім, Тілендиев;
- Сәтпаев, Тургут Озал, Мыңбаев, Түркебаев;
- Шевченко, Мұқанова, Жамбыл, Байзақов.
Сайтта жарық сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін болмайтыны көрсетілген.