Алматы қалдықтарды басқару жүйесін реформаламақ

1 Қазан, 17:55 586

Алматы әкімі Ерболат Досаев Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдерімен қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жобасы бойынша зерттеудің аралық қорытындысын талқылады. Мақсат – экологияны жақсарту және қоқысты жинау мен қайта өңдеудің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

IFC қалдықтарды бөлек жинауды енгізуді, қайта өңдеу қуатын жаңғыртуды және жаңа санитарлық полигон салуды ұсынды.

Сондай-ақ, ұсыныстар қалдықтарды жинау жүйесін қайта құрылымдау мен кеңейту, қалдықтарды шығару жүйесін оңтайландыру, инфрақұрылымға инвестиция тарту, механикалық және биологиялық өңдеу, компосттау қондырғыларын дамыту және т.б. қамтиды.

Бұл қадамдар Алматыда экологияны жақсартуға және қалдықтарды басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: