Алматы қаласының мәселелерін Мәжілісте көтеремін – Ринат Зайытов

2 Қыркүйек, 11:46 611

Жазда ауыл-аймақтардағы халықтың мұң-мұқтажын тыңдап келген Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елдегі проблемаларды тізбектеп берді, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі. 

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елдегі проблемалар қатары өте көп деп отыр.

Осы жолы Алматы қаласында болдым. Ондағы мәдени ошақтардың айналасындағы проблема - өте үлкен. Құрманғазы атындағы ұлтық консерваториядан бастап, Шәкен Айманов атамыздың көзі – Қазақфильмнің де үлкен проблемалары бар. Қарапайым адамдардың басындағы мәселелердің өзі жетіп артылады. Мәселен, арыздарын қабылдамай, жеке бастарына қысым көрсетіліп жатады. Осы проблемаларды шешумен айналысу керек,-деді депутат.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: