02.04.2023
17:30
1543
Алматы қаласынан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматы қаласынан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.

Кезекші оператордың хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 2 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 16:56-да тіркелген.

Эпиорталығы Алматыдан 17 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8.2.

MPV магнитудасы – 3.6.

Эпиорталық координаттары – 43.07° с.е. және 76.81° ш.б.

Тереңдігі - 10 км.

МSК-64 бағаны бойынша Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды.