Бас прокуратура Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбековтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Әбілбеков ұсталды, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Тергеушілердің сөзінше, ДП басшысының бұрынғы орынбасары Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы абақтыда күш қолданған.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, бұл істің басқа мәліметтері жария етілмейді, - деп түсіндірді Бас прокуратура.