Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды

8 Тамыз, 14:12 1678

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына барған Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрілігі де растады.

Алдын ала ақпарат бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.

Ерден Рашидұлы Алматы қалалық спорт басқармасын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: