Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

4 Наурыз, 12:55 732
Алматыда қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Сонымен қатар, тергеу-жедел топтар күшейтілді.

Ерекше назарда:
жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайына;
жедел және жол қозғалысы жағдайы тұрақты және бақылауда;
жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды.

Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы автокөлік қозғалысының көбеюіне қарамастан, әдеттегідей бағдаршамның көмегімен жүзеге асырылады. Күрделі қозғалыс жағдайында қозғалыс қолмен басқаруға ауыстырылады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: