Алматы полицейлері он пәтерге ұрлыққа түскендерді ұстады

13 Қаңтар 2023, 14:31 853

Алматы полициясы жаңа жыл түні қарсаңында 10 пәтерге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының екі тұрғыны қаланың Алмалы және Бостандық аудандарында жүрген. Жай жүріп қоймай, бөтеннің пәтерлеріне кіріп, заттарды ұрлаған. Қылмыстық жұптың 10 ұрлыққа қатысы бар.

– Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Олар аулаларды аралап, көпқабатты үйлердің терезелері мен кіреберістерін қарап, пәтерде біреудің бар-жоғын тексерді, кіреберіске кіріп, кілт таңдау немесе құлыпты бұзу арқылы пәтерге кіретін есікті ашып, үйдегі құндылығы бар заттардың бәрін алып шықты. Бұл – қолма-қол ақша, шағын техника, әртүрлі зергерлік бұйымдар. Біреуі бөтен адамның үйінде иелік етіп жүргенде, екіншісі көлікте күтіп отырған, – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Спикердің айтуынша, Бостандық аудандық ПБ КПБ арнайы тобының қызметкерлерімен және полицияның арнайы жасағының көмегімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1996 жылы туған С.есімді азамат және оның серігі 2000 жылғы С.есімді азамат ұсталды.

Соңғы ұрлықта пәтерден цифрлық техника мен қаражат жоғалып кетті. Күдіктілер заттай айғақтардан құтылып үлгермеді. Олар ұстау кезінде тәркіленді және қылмыстық іске қосылды. Қазіргі уақытта “қылмыстық дуэттің” мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

– Айтпақшы, бұрын күдіктілердің заңға қатысты мәселелері болған. Ал ұсталғандардың бірі Қазақстанның басқа аймақтарында бірқатар ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған. Қазір екеуінің де жалпы қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Қуатбек Науатов.

EL.KZ
Бөлісу: