"Алматы-Өскемен" трассасында жол апатынан жаяу жүргінші қайтыс болды

6 Желтоқсан, 22:10 659

Алматы облысында Geely EMGRAND көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні мерт қылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға «Алматы-Өскемен» тасжолының 54 шақырымында Заречный ауылының маңындағы болған. Жүргізуші жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жол апаты бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)

Зарина Арман
Бөлісу: