08.02.2025
13:08
862
Алматы-Өскемен трассасында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Алматы-Өскемен трассасында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Жетісу облыстық полициясы қылмыстық іс тіркелгенін жеткізді.