518.57
566.59
6.05

Алматы-Өскемен тас жолында желден жүк көлігі аударылып қалды

26 Желтоқсан 2024, 21:27 507

Қатты жел Алматы-Өскемен тас жолында жүк көлігін аударып тастады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

26 желтоқсан күні шамамен сағат 16:00-де Алматы-Өскемен автожолының 939-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды: қатты желдің салдарынан MERCEDES BENZ маркалы жүк көлігі аударылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, - делінген мәліметте.

Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  • Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз.
  • Қатты жел немесе нашар көріну жағдайында жылдамдықты төмендетіңіз және мүмкіндігінше ұзақ сапардан аулақ болыңыз.
Зарина Арман
Бөлісу: